ҚБТУ студенті 6 күннен бері табылмай жатыр

18 жастағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенті із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Malim.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Хабар-ошарсыз кеткен Нұрислам Ақылбековтың туыстары Orda.kz редакциясына көмек сұрап хабарласқан. Олардың айтуынша, жігіт 2 шілде күні тауға шығып, сол күйі оралмаған.
18 жастағы жігіт достарына жалғыз емес екенін, жанында тағы бір досы бар екенін ескерткен. Алайда Нұрислам досының аты-жөнін айтпаған.
Студент жоғалғаннан кейін бірнеше күн өткен соң, оның туыстары полицияға жүгінді.
«2 шілде күні сағат 15:02-де жігіт Алма-Арасаннан өтті. Оның телефоны 4 шілдеде сағат 21:59-да Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы маңында сөндірілді», — деп мәлімдеді ТЖМ.
Таудағы іздеу шаралары жүріп жатыр. Жастарды Алматы ПД, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің өкілдері мен еріктілер іздеп жатыр. Кеше, 7 шілде күні сағат 13:50-де Алматы қаласының санитарлық авиация қызметінің тікұшағы да іздеуге шықты. Экипаж құрамында төрт адам бары айтылды.
Фото: Orda.kz, скриншот


Ең көп оқылған
