Астанада тағы бір жол апаты болды

Екі адам жарақат алып, оларды жедел жәрдем алып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Астанада автобус пен жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан автобустың екі жолаушысы зардап шекті.
Бұл жолы Toyota көлігінің жүргізушісі бұрылу кезінде автобус жолағына шығып кеткен.
Toyota автокөлігінің жүргізушісі Республика даңғылы бойымен келе жатып, оңға бұрылғанда маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, Iveco маркалы маршруттық автобуспен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустың екі жолаушысын жедел жәрдем алып кетті. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін, маусым айының екінші жұлдызында Астанада автобус бағанаға соғылып, салдарынан он бес жолаушы зардап шеккен болатын.
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Ең көп оқылған
