Атбасардағы азаптау ісі: алқабилер үкімінің күші жойылды

Ақмола облысында 12 ҚАЖ (қылмыстық-атқару жүйесі) қызметкеріне қатысты атышулы істегі үкімнің күші жойылды

Malim Админ

  • 11.04.2025

Ақмола облысында 12 ҚАЖ (қылмыстық-атқару жүйесі) қызметкеріне қатысты атышулы істегі үкімнің күші жойылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы мамандандырылған ауданаралық соттың алқабилер шығарған үкімін жойды. Іс Атбасар аудандық ҚАЖ қызметкерлеріне қатысты, олар Қылмыстық кодекстің 146-бабы 3-бөлімі 1-тармағы — "Адамдар тобының азаптау қолдануы" бойынша айыпталған.

Тергеу нұсқасы бойынша, колония қызметкерлері Атбасар қаласындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға заңсыз күш қолданған.

Бұған дейін алқабилер құрамының шешімімен айыпталушылар қылмыс құрамы болмағандықтан ақталған еді. Алайда облыстық сот бұл үкімді жойды. Сот үкімнің күшін жою себебі ретінде процестік заңбұзушылықтарды атады.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, алқабилердің қатысуымен талқыланбауы тиіс мәселелер сот процесінде қаралған. Бұл зардап шеккен тараптың пікіріне әсер етуі мүмкін еді. Сонымен қатар, барлық жәбірленушіге жарыссөзге қатысуға мүмкіндік берілмеген.

"Іс сол сотта, бірақ басқа судья құрамымен қайта қарауға жолданды", – деді Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2024 жылғы 12 ақпанда Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің шешіміне сүйене отырып, ҚАЖ департаментінің "№1 мекеме" бұрынғы 12 қызметкерін ақтау туралы үкім шығарған.

Атбасар қаласындағы колония қызметкерлері сотталғандарды азаптады деген күдікке ілінген болатын. 2023 жылғы қыркүйекте әлеуметтік желілерде сотталғандарды ұрып-соғу бейнежазбалары тарап кеткен еді.

Фото: Видеодан алынған кадр

Байланысты жаналықтар

Күзетшіні көлікпен басып өлтірген жігітке сот үкімі шықты

09.04.2025

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен тағы бір қызға үкім шықты

02.04.2025

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

01.04.2025

Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты үкім шықты

19.03.2025

«Миллионмен декретке» курсының авторларына қылмыстық іс қозғала ма?

12.03.2025

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің ісі бір ай ішінде сотқа жіберіледі

12.03.2025
MalimBlocks
Күзетшіні көлікпен басып өлтірген жігітке сот үкімі шықты

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен тағы бір қызға үкім шықты

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен төртінші қызға үкім шықты

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Семейде оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты үкім шықты

Сот шешімімен үш жасөспірім арнайы мектептерге жіберілді.

«Миллионмен декретке» курсының авторларына қылмыстық іс қозғала ма?

Босану төлемдерін шамадан тыс рәсімдеген 113 адамның үстінен қылмыстық 16 іс қозғалған

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің ісі бір ай ішінде сотқа жіберіледі

Қазір тергеу жалғасып жатыр