Фельдшерге шабуыл жасаған Ақмола тұрғыны сотталды

Ақмола облысында Степногорск тұрғыны жедел жәрдем фельдшеріне қол көтергені үшін 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Сұлу Бөлек

  • 30.03.2025

Ақмола облысында Степногорск тұрғыны жедел жәрдем фельдшеріне қол көтергені үшін 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Степногорск қаласында жергілікті тұрғын жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасағаны үшін сотталды. Оқиға эпилепсия ұстамасы бар науқасқа көмек көрсету кезінде болған.

Тергеу мәліметінше, жедел жәрдемнің кешігіп келгеніне ашуланған әйел медицина қызметкерімен сөзге келіп қалған. Науқасты көлікке отырғызу сәтінде ол жедел жәрдем көлігіне кірмек болған. Алайда фельдшер оған рұқсат бермеген, себебі әйел науқастың жақын туысы саналмаған. Осы сәтте ашуға булыққан тұрғын фельдшерге жұдырық жұмсаған.

Сот шешімімен әйел кінәлі деп танылып, 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұған қоса, ол фельдшерге 90 мың теңге материалдық шығын және 500 мың теңге моральдық өтемақы төлеуге тиіс. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. 

Фото: Facebook / Ақмарал Әлназарова

Байланысты жаналықтар

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

13.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды

02.05.2025

Шымкентте пәтерін жалға берген адам сотталды

02.05.2025
MalimBlocks
Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды

Шымкентте пәтерін жалға берген адам сотталды

Ол жалға беру барысында қауіпсіздік талаптарын сақтамаған, салдарынан бір адам қаза тапты