457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақмола облысында 10 жастағы балаға найзағай түсіп қаза болды

Ақмола облысында найзағай бір баланы мерт қылып, екінші баланы жарақаттады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға 20 тамызда Біржан Сал ауданына қарасты Үлгі ауылында болған. Полицияның мәліметінше, 2015 жылы туған бала найзағай соққысынан көз жұмды, ал 2010 жылы туған тағы бір бала жарақат алған.

«Аталған факті бойынша Біржан Сал ауданының полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта толық ақпарат жиналып, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жедел қызметтер барған.

Фото: pixabay