457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жаңбыр, найзағай: 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігі циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сондықтан кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады.


Шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік өңірлердің жекелеген аудандарында бұршақ болуы мүмкін. Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысына антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз, жылы ауа-райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік-шығыста дауыл күтіледі.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі уақыттарда — тұман болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде өрт қаупі күтіледі. Желдің жылдамдығы 5-10м/с жетеді.

Атырау облысының шығысында, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі болады.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында да өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетеді.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: Алматы әкімдігі