Дауыл тұрып, күн күркірейді: ауа райы болжамы

Қазгидромет 8 қыркүйекте ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 8 қыркүйекте батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 8 қыркүйекте батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында найзағай ойнап, облыстың шығысында, оңтүстігінде дауыл тұрады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 8 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 8 қыркүйекте түстен кейін найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Астанада 8 қыркүйекте кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 8 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Абай облысының солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ түседі, дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде 8 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 8 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың орталығында, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 8 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл тұрады, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 8 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Талдықорғанда 8 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман түседі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 8 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Павлодар облысының батысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 8 қыркүйекте найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 8 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Фото: Астана әкімдігі

Ең көп оқылған
