457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Синоптиктер 9 қыркүйектегі ауа райына қатысты ескерту жасады

Қазақстанда алдағы сейсенбіде, 2025 жылы 9 қыркүйекте найзағай ойнап, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, қатты жел соғып, тұман болады деп күтіледі. Ауа райының күрт нашарлайтынын "Қазгидромет" РМК-ның мамандары ескертті, деп хабарлайды Malim.kz.
Болжамға сәйкес, еліміздің батысында ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

"Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайтын болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республикамыздың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады... Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыс - желдің күшеюі, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстікте, шығыста, Қазақстанның орталығында түнде және таңертең тұман болады деп болжанады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Фото: pexels