457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бүгін 12 қалада ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет».


«2025 жылғы 23 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Петропавл, Көкшетау, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, түнде Атырау, Астана қалаларында күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК-нің хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды.

Фото: Pixabay.com