20 қазанда елдің басым бөлігінде жел күшейіп, өрт қаупі сақталады

20 қазан, дүйсенбі күні еліміздің 13 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Malim.kz.
Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі, ал облыстың оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Түркістан облысында солтүстік пен таулы аймақтарда -2 градусқа дейін үсік күтіледі. 20–22 қазан аралығында облыс пен Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында күндіз желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Облыс пен Ақтауда өрт қаупі жоғары.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түсіп, жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Өңірдің батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Ұлытау, Атырау, Қызылорда, Абай, Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарында да желдің күшеюі, тұман және өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Жетісу облысында 20–21 қазанда, әсіресе Алакөл маңында, желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.
Фото: freepik.com