457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

17 қазанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 17 қазан күніне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжауынша, кең ауқымды антициклон әлі де республикамыздың көп бөлігіне өз әсерін тигізетін болады.


Осыған орай, еліміздің біраз аймағында жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Тек батыста және солтүстік-батыста атмосфералық фронталды бөліктер әсерінен жаңбыр мен қар жауады.

Әдеттегідей, республика бойынша жел күшейеді. Ал батыста тұман болады.

Түнде Жетісу облысында 4-9 градус үсік жүреді. Сондай-ақ Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде 1-6 градус аяз болады.

Маңғыстау облысында, Атырау облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының батысында, Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында да жоғары өрт қаупі бар. 

Мұндай жорамал Ұлытау облысының шығысында, орталығында және Абай облысының оңтүстігінде де болжанған. 

Қызылорда, Түркістан облыстары мен, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Сондай-ақ Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында да төтенше өрт қаупі болжанған.

Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: pixabay.com