22 қазанға арналға ауа райы болжамы

Қазгидромет 22 қазан, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, елдің басым бөлігінде солтүстік антициклонның әсерінен жауын-шашын жаумайды. Тек республиканың батысында Солтүстік-батыс циклонының ойысы әсерінен кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында аздаған жаңбыр жауады. Сондай-ақ ел аумағында түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі, ал батыста, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста жел күшеюі ықтимал.
Түнде солтүстікте және Жетісу облысының орталығында -1…-3°С дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.
Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Атырау облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Алматы облысының батысында, Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында және Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда, Түркістан, Атырау (солтүстік, оңтүстік және шығыс аудандарында), Жамбыл (батыс және солтүстік аудандарында), Ақтөбе (батыс, солтүстік-шығыс және орталық бөлігінде), Алматы (солтүстік аймақтарында), Қостанай (оңтүстігінде), сондай-ақ Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Фото: istockphoto.com