Қазақстанның 16 өңірінде тұман мен қатты жел күтіледі
«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 26 қазанға еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Маңғыстау облысының оңтүстігі, батысы мен орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыс аумағында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да түнде және таңертең тұман түсіп, өрт қаупі жоғары деңгейде болады.
Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының шығысы мен оңтүстігінде, таулы аймақтарында күндіз найзағай болжанады. Түнде және таңертең тұман түседі, таулы аудандарда желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде өте жоғары, орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында да өрт қаупі жоғары.
Абай облысында жел солтүстік бағытқа ауысып, оңтүстігі мен орталығында екпіні 20 м/с дейін жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары, ал батысы, солтүстік-шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысы мен орталығында жел екпіні 20 м/с дейін жетеді.
Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше, ал солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында және Шымкент қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Фото: freepik.com