Оралда 9 жастағы баланы тоқ ұрды

Ол допты алу үшін электр станциясына шыққан

Сабина Асқарқызы

  • 01.05.2025

Орал қаласында 9 жастағы баланы тоқ ұрды, деп хабарлайды Malim.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Оқиға 30 сәуір күні кешке Исатай-Махамбет көшесіндегі үйдің жанында болған. Куәгерлердің айтуынша, бала допты алу үшін электр қосалқы станциясының шатырына шыққан. Сол жерде оны тоқ ұрған.

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Қазіргі уақытта бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында аппаратпен тыныс алуда. Жағдайы өте ауыр. Денесінің 95 пайызын күйік шалған, төртінші дәрежелі күйіктер, – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Фото: Pixabay 

Байланысты жаналықтар

Шымкентте алғаш рет пәтерін жалға берген тұрғын сотталды

02.05.2025

Оралда тоққа түскен 9 жасар бала қайтыс болды

02.05.2025

«Мен бұны жай қалдырмаймын»: Нұрболхан Шарапов оқыс жағдайға тап болды

02.05.2025

Бүгіннен бастап екі қалада субұрқақ іске қосылды

01.05.2025

Орал сотының экс-төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

29.04.2025

Шерзат ісі: прокурор марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың жауабын оқыды

29.04.2025
MalimBlocks
Шымкентте алғаш рет пәтерін жалға берген тұрғын сотталды

Пәтерді жалға алушы азамат көз жұмған

Оралда тоққа түскен 9 жасар бала қайтыс болды

«Мен бұны жай қалдырмаймын»: Нұрболхан Шарапов оқыс жағдайға тап болды

Әзілкешке шабуыл жасалған болуы мүмкін

Бүгіннен бастап екі қалада субұрқақ іске қосылды

Алматы мен Астананың субұрқақтары күн сайын таңғы 8:00-ден кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істейді

Орал сотының экс-төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

Орал сотының экс-төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

Шерзат ісі: прокурор марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың жауабын оқыды