457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қостанайда мал құтырды. Шектеу енгізілді

Аурудың таралу қаупіне байланысты ауыл әкімдігі осындай шешім қабылдады. Құжат «Ашық НҚА» веб-сайтында орналастырылған.


Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Свердловка ауылында «Жаңабек» ЖШС ауыл шаруашылығы кәсіпорны аумағында шектеуші ветеринариялық шаралар енгізілді.

Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде ірі қара малдан құтыру ауруының анықталуына байланысты Свердловка ауылы әкімінің аппараты шешім қабылдады, – делінген.

Шектеулер Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» және «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес белгіленді.

Іс-шаралар қауіпті дерттің таралуын болдырмауға бағытталған. Құтыру – жануарлардан адамға жұғатын өлімге әкелетін ауру, сондықтан оның алдын алу үшін қатаң шаралар қолданылады.

Осыған дейін ветеринариялық құжаты жоқ мал өнімін сатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені туралы жаздық.

Фото: БҚО Ветеринария басқармасы