457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

Қазақстанның тұңғыш президентінің отбасы шеңберіне жақын дереккөздің мәліметінше, бұрынғы мемлекет басшысының зайыбы Сара Алпысқызының жағдайы ауыр, ал дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға дәрменсіз, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Кейінгі уақытта ол Назарбаева деген тегін тастап, қыз кезіндегі тегі – Қонақаеваны қолдана бастаған.

Сара Алпысқызы өмір бойы «нағыз бірінші ханым» атанған жоқ – Нұрсұлтан Назарбаев өмірлік серігінің бейнесін ел алдында көрсетуге ұмтылмады. Мәселен, 2015 жылы ол Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветамен кездесуге жұбайын емес, сол кездегі премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған үлкен қызы Дариғаны ертіп барған еді.

Сара Алпысқызының неге көзден таса болғаны кейін белгілі болды – Назарбаев бұл туралы өзінің кітабында жазған. Оның сөзінше, “жүрекке әмір жүрмейді – ол басқа адамды қалаған”.

Сара Қонақаева 1941 жылдың ақпанында Қарағанды облысында дүниеге келген. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен отау құрған. Кейін ол «Бөбек» халықаралық балалар қайырымдылық қорын, «SOS – Қазақстанның балалар ауылдары» қорын құрды және еліміздің білім беру жүйесіне өзгерістер енгізуге тырысты. Оның бастамасымен мектептерде өзін-өзі тану пәні енгізілді. Алайда бұл идея кейіннен тоқтатылды.

Фото: Kaztag