СІМ: Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ресми расталмаған хабар тарады.
Orda.kz басылымы сонымен бірге, бизнесмен Гаджи Гаджиевтің ұсталғанын да жазды. Басылымның жазуынша, вице-премьер әрі сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді органдар ШЫҰ саммитінен келген соң үйінен ұстаған-мыс. ҚазТАГ агенттігі болса, өз дереккөздеріне сүйеніп, бұл хабардың фейк екенін жазды. Бұған қоса, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева фейсбуктегі парағында әлдебір мемлекеттік қызметкерлер туралы жалған ақпарат тарап жатқаны туралы пост жариялады.
Осыған орай, ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров түсініктеме берді.
"ҚР Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды. Біз мұны журналистік этика мен еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу деп санаймыз". деді ол.

Ең көп оқылған
