457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақсудағы зауытта үш жұмысшы күйіп қалды

Зардап шеккендер Ақсу орталық ауруханасына жеткізілген. Олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр.


Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірістік процесс барысында үш жұмыскерді күйік шалған. Алдын ала мәліметтер бойынша балқыту цехындағы пештен шихта материалдары ұшқан. Жұмыскерлер содан күйген болуы керек.

-Зардап шеккендер Ақсу орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, екіншісі стационарда ем қабылдап жатыр. Ал үшіншісі амбулаториялық емдеуде.
Оазатайым оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды. Компания қызметкерлерге қажетті көмекті көрсетіп жатыр,-деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметінен.

Полиция еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Еске сала кетейік, былтыр Ақсу ферроқорытпа зауытының екі машинисі күйіп қалған.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform