457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Экологиялық талаптарды сақтамаған Казцинк 1,7 млрд теңгеден астам айыппұл төледі

Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында экологтар 86 заң бұзуды тіркеді. 


Тексерістер ірі және шағын кәсіпорындарға жүргізілген. Жалпы салынған айыппұлдардың көлемі 2 млрд теңгеден асып отыр. Бұл туралы ШҚО Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Әсет Сүлейменов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Жарты жылдың ішінде 33 тексеріс жүргізілген. Ең ірі айыппұлдар өңірдің жетекші кәсіпорындарына салынды. Атап айтқанда:

* «Казцинк» ЖШС — 1,7 млрд теңгеден астам және қосымша 60,9 млн теңге айыппұл (толығымен төленді);
* «СиньСин» ЖШС — 1,066 млрд теңге;
* «ТМК» АҚ — 24 млн теңге;
* «Өскемен ЖЭО» ЖШС — 26,9 млн теңге.

— Тексеріс қорытындылары көрсеткендей, заңбұзушылықтар шағын бизнес нысандарында да, ірі өнеркәсіп орындарында да тіркелген. Әрбір факті бойынша нұсқама беріліп, тиісті шаралар қабылданды, - деді Әсет Сүлейменов.

Фото: Өскемен қаласы тұрғындарынан