Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ішкі саясат ұжымына жаңа басшы - Айдар Садырбаевты таныстырды.
Ол бұған дейін Абай облысының қоғамдық даму басқармасында жетекшілік еткен болатын.
- Айдар Серікқазыұлының тәжірибесі мен кәсіпқойлығы өңірдегі ішкі саясат жұмыстарын тиімді жүзеге асыруға негіз болады деп сенемін,
- деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Cадырбаев Айдар Серікқазыұлы – бұрынғы Семей облысы Жаңасемей ауданы Новопокровка ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Тарих» мамандығы бойынша тамамдап, еңбек жолын 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылының орта мектебінде мұғалімдік қызметтен бастаған. Әр жылдары Бородулиха ауданы мен Семей қаласының ішкі саясат бөлімдерінде нұсқаушы, жетекші және бас маман, басшының орынбасары, басшы, Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып, жаңа тағайындауға дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.