457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жеңіс шыңында қалып қойған ресейлік альпинист қаза тапты

Қырғызстан Альпинизм және спорттық өрмелеу федерациясының президенті Эдуард Кубатовтың хабарлауынша, бүгін Оңтүстік Энильчектегі базалық лагерьден «Победа» шыңының беткейлеріне биіктік дроны арқылы екі мәрте толық визуалды тексеріс жүргізілген, деп хабарлайды Malim.kz.

«Өкінішке қарай, Наталья Наговицына тірі екендігін растайтын ешқандай белгі байқалмады. Барлық құтқару операциялары тоқтатылды, біз бұл қайғылы фактіні мойындауға мәжбүрміз! Тексерістің барлық бейнематериалдары (10 минуттан астам) Натальяның ұлына жеке табысталады. Қырғыз тарапы альпинист әйелді құтқару үшін барлық мүмкіндікті жасады, бірақ аса биік тау, ауа райының қолайсыздығы, тікұшақтың қиын жағдайда қонуы және құтқарушылардың физикалық мүмкіндіктері күткен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бермеді. «Победа» шыңы тарихында 7200 метр биіктікте бірде-бір сәтті құтқару операциясы болмаған, сондықтан құтқарушы альпинистердің өмірін тәуекелге тігуге қақымыз болмады», – деп жазды ол.

Кубатов құтқару шараларын ұйымдастыруға атсалысқандардың барлығына алғыс білдірді.

Фото: видеодан кадр