457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қырғызстан президенті өлім жазасын қайтаруды тапсырды

Қырғызстанда өлім жазасын 2007 жылы президент Құрманбек Бакиев жойған болатын

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров балалар мен әйелдерге қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікті барынша қатаңдататын және өлім жазасын қарастыратын заң жобасын дайындауды тапсырды.

«Әңгіме балаларды зорлау, сондай-ақ әйелдерді зорлап өлтіру қылмыстары үшін өлім жазасын енгізу туралы болып отыр», – деп 1 қазанда Facebook-тегі жазбасында қырғыз президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов хабарлады.

Оның айтуынша, Жапаровтың бұл шешімі қыркүйек айының соңында Барскоон ауылында болған 17 жастағы Айсулуу М.-ны аяусыз өлтіру ісіне байланысты қабылданған. Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Президент бұл қылмысқа «терең өкінішпен» қарағанын білдіріп, істі өз бақылауына алды. Ол балалар мен әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар жазасыз қалмауы керек екенін атап өтті, деді Алагозов.

Қырғызстанда өлім жазасын 2007 жылы президент Құрманбек Бакиев жойған болатын. Оған дейін, 1998 жылдан бастап, бұл жазаға мораторий енгізілген еді.

Балаларды зорлағаны үшін өлім жазасын қайта енгізуді 2022 жылы қырғыз парламентінің депутаттары да ұсынған. Алайда үкімет бұл бастаманы «импульсивті» деп бағалап, қолдамаған. Соңғы уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен кісі өлтіру оқиғалары жиілеп кеткендіктен, елде өлім жазасын қайтару туралы пікірталастар қайта күшейді.

Фото: Pavel Bednyakov/AP/picture alliance