457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Талғарда қыркүйек айының ортасында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

1986 жылы туған Карлов Станислав Анатольевич 13 қыркүйекте жоғалған

Талғарда қыркүйек айының ортасында жоғалып кеткен 40 жастағы ер адам өлі күйінде табылды. Бұған дейін іздеуге қатысты хабарламаны Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында жариялаған еді, деп хабарлайды Malim.kz.

1986 жылы туған Карлов Станислав Анатольевич 13 қыркүйекте жоғалған. Таңғы сағат алты шамасында ол Талғар қаласындағы Ломоносов көшесі, 20-үйдегі баспанасынан шығып кеткен.

Белгілері: бойы 170-175 сантиметр, арықша денелі, шашы қара, қысқа сақал-мұрт қояды. Қара түсті капюшоны бар күрте, қара кепка киген, қасында қара түсті барсетка болған.

Еріктілердің мәліметінше, ер адамның денесі Талғарда табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Өлім себебін сараптама анықтайды.

Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00