Талғарда Шерзат Болаттың атына көше беру ұсынылды

Талғарда қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың ата-анасының адвокаты Мейрман Шекеев қаланың бір көшесін марқұмның атымен атауды ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.
Адвокат Мейрман Шекеев әлеуметтік желідегі жазбасында өз ұсынысын Талғар қаласының әкіміне жеткізгенін айтты.
"16 жастағы Шерзат қаза тапты, ал оның өлімі болған жердегі көшелердің атауы – Менделеев пен Руставели. Бұл көшелердің атаулары Талғарға не Қазақстанға үлес қосқан қазақ тұлғаларына байланысты емес, барлығы кеңестік дәуірмен байланысты. Сондықтан мен Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлына Менделеев көшесін марқұм Шерзаттың атына ауыстыруды ұсындым. Әкім бұл ұсынысты мүмкіндігінше қолдауға тырысатынын айтты", – деп жазды адвокат.
Еске салсақ, Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шыққан еді.
Фото: видеодан кадр