457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Талғардағы қайғылы оқиға: полицияның әрекетсіздігі үшін қылмыстық іс қозғалды

2025 жылғы 6 қыркүйекте облыс прокуратурасымен Талғар ауданы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларының әрекетсіздігі фактісі бойынша (ҚК 370-бабы 4-бөлігі) қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Олардың тарапынан зорлау жасады деген күдіктіні ұстау және қажетті шаралар қабылдау бойынша әрекет жасалмаған. Нәтижесінде күдікті Талғар ауданы, Қызыл-Қайрат ауылында ер адамды өлтіріп, кәмелетке толмаған қыз баланы ұрлаған.

Аталған қылмыстық іс арнайы прокурорлардың өндірісіне қабылданды. Тергеу барысы облыс прокуратурасының ерекше бақылауында тұр.

Прокуратура жалған ақпарат таратқаны үшін заңмен жауапкершілік көзделгенін ескертеді және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото: видеодан скрин