Эверестте мыңға жуық альпинист қар құрсауында қалды

Мыңдаған альпинистті құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Қалың қар 4900 метр биіктіктегі шатырлы лагерьлерге апаратын жолдарды жауып тастаған. Құтқарушылар мен жүздеген жергілікті тұрғын жолдарды тазартумен айналысып жатыр. БАҚ дерегінше, кейбір туристерді эвакуациялау мүмкін болған.
Қыркүйектен желтоқсанға дейінгі кезең Эверестке туристік ағынның шарықтау уақыты болып есептеледі. Алайда 3 қазан кешінде Тибетте қатты қар жауып, келесі күні Қытай билігі Эверестке кіруге тыйым салды. Ал көршілес Непалда нөсер жаңбыр мен кенеттен болған су тасқыны салдарынан 47 адам қаза тапты.
Фото: Zhaxi Cering / Xinhua / Global Look Press