ШҚО-да жер сілкінді

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жер сілкінісін сезінді, - деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 мамырда сағат 07:40-та Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының диспетчерінен Шығыс Қазақстан аумағында жер сілкінісі болуы мүмкін деген ауызша ақпарат түскен.
"Жер сілкінісінің нақты уақыты мен орны нақтыланып жатыр. Қазір алынған деректер өңделіп жатыр", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Кейін министрлік жер сілкінісі Ресей Федерациясының аумағында тіркелгенін, алайда оның дүмпуі Шығыс Қазақстанда сезілгенін нақтылады. Есептік қарқындылығы:
- Өскемен – 2 балл,
- Катонқарағай ауылы – 2 балл.
"Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ", – деді ведомство өкілдері.
"2025 жылғы 25 мамырда сағат 07:35:14 (Астана уақыты бойынша) Қазақстан ТЖМ "ҰҒССО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Координаттары: 50.320° с.е., 88.020° ш.б. Жер сілкінісінің эпицентрі Ресей аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 1162 шақырым қашықтықта орналасқан", – деп нақтылады баспасөз қызметі.
Фото: Pixabay.com