Жайыққа батып кеткен 18 жастағы дзюдошы 4 күннен бері табылмай жатыр

Сабина Асқарқызы

  • 07.05.2025

3 мамыр күні Атырауда Жайыққа батып кеткен 18 жастағы дзюдошы жігіт төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

КТК арнасының мәліметінше,18 жастағы Әлішер Көжек қайықтан құлап, сол күйі су бетіне шықпаған.

Қайғылы оқиға  3 мамыр күні Еркінқала ықшамауданы маңында болған. Досымен бірге моторлы қайықпен өзенді жағалап келе жатқан бозбала қатты бұрылыста оқыстан құлайды. Жанындағы жігіт ұстап қалуға тырысқанымен, өкінішке қарай, құтқара алмапты. Ағыс қатты болып, таппай қалған. Қайықты жүргізген жігіт жиырма жаста екен. Ол Әлішер екеуміз өзеннің екінші бетіне өтпекші болдық дейді. Жайыққа құлап жоғалған Әлішер Көжек дзюдодан спорт шеберіне үміткер екен. Іздестіру үш күннен бері жүріп жатыр. «Алайда әзірге еш нәтиже жоқ - дейді құтқарушылар.

Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайды жою басқармасының бастығы Жантөре Демешовтің айтуынша, іздестіру жұмыстарына күшейтілген түрде күш пен құралдар жұмылдырылды. Атап айтқанда, күн сайын 12 құтқарушыдан кем емес, 4 бірлік жүзу құралы, 3 бірлік техника және ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) жұмылдырылуда. Сонымен қатар, ПД қызметкерлері және кемесі тартылды.

Іздестіру жұмыстары су астына сүңгу, акваторияға көзбен шолу және өзен түбін тралдау арқылы жүргізілуде (бүгінгі күнге дейін шамамен 2 шақырым аумақта жұмыстар жүргізілді).

Фото: ТЖД

Байланысты жаналықтар

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

07.05.2025

Алматыда қонақ үй өртеніп, 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді

27.04.2025

Атырау қаласының маңында жүк көлігі аударылып, мұнай төгілді

18.04.2025

Су тасқыны қаупі. Ақмола облысында 80 шақырым жол жабылды

06.04.2025

Баянауылда өртенген ғимараттар кімге тиесілі?

05.04.2025

Трамп АҚШ-та төтенше жағдай жариялады

03.04.2025
MalimBlocks
Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

Алматыда қонақ үй өртеніп, 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Атырау қаласының маңында жүк көлігі аударылып, мұнай төгілді

Автокөлік тас жолдан шығып кеткен

Су тасқыны қаупі. Ақмола облысында 80 шақырым жол жабылды

Баянауылда өртенген ғимараттар кімге тиесілі?

Үйлер Жасыбай демалыс аймағына кіреберісте орналасқан

Трамп АҚШ-та төтенше жағдай жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі сауда балансының тапшылығы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретіндіктен, төтенше жағдай енгізілгенін мәлімдеді