10 пайыз жарна салып, ипотекаға дайын үй алуға болады

Бұл өзгеріс 2025 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі

Malim Админ

  • 30.12.2024

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасының шарты өзгерді. Қазақстандықтар енді 10 пайыз жарна салып, ипотекаға дайын үй ала алады. Бұл туралы «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова бүгінгі Үкімет отырысында айтты.


«Біріншіден, көптеген сатып алушы үйді дайын күйде алуды қалайды. Өйткені жөндеу жұмыстарына шығын көбейіп кетеді. Сондықтан банк Тұрғын үй құрылыс компанияларының қауымдастығымен бірқатар кездесу өткізді. Олар порталға пәтерлерді дайын күйінде қояды, сатып алушылар порталдағы пәтердің (бастапқы жарнаның) 10% салу арқылы (сатып алуға) келісім береді. Бұл өзгеріс 2025 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі. Екіншіден, бағдарламаға қатысушы үшін салымшыда депозитте 1 млн теңге болуға тиіс. Конкурста жеңген салымшы аз уақыт ішінде пәтердің 20%-ын салуға тиіс. Қазір 2,5 мыңнан астам өтініштің 39%-ында ғана 20% болатын жарна бар. Сондықтан 2025 жылы бағдарламаға қатысушылардың депозитін 2 млн теңге болуын ұсынамыз. Бұл бағдарламаны іске асыруды тездетеді», –  деді Ләззат Ибрагимова.

Ол бұл шешімді азаматтардың үй алуын жеңілдету үшін жасалып жатыр дейді.

Фото: mk-kz.kz

Байланысты жаналықтар

Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22.02.2025

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

21.02.2025

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

21.02.2025

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

21.02.2025

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

21.02.2025

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

20.02.2025
MalimBlocks
Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей өңірлерде жел күшейеді

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

Бір адам ыстан уланып, ауруханаға түскен.