20 ақпанға дейін. Бектенов Салық кодексінің жаңа редакциясын мәжіліске енгізуді тапсырды

Салық кодексінің жаңа редакциясын талқылау үшін 6 жұмыс тобы құрылды

Malim Админ

  • 11.02.2025

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Салық кодексінің жаңа редакциясын 20 ақпанға дейін мәжіліске енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды Malim.kz.   


Әуелі Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығын саралап қалыптастырудағы жаңа ұсыныстарды атап шықты. Сондай-ақ, ол Үкімет Салық кодексінің жаңа редакциясын талқылау үшін 6 жұмыс тобы құрылғанын, бүгіннен бастап өңірлерді аралайтынын айтты. 

Үкімет басшысы талқылау жұмыстарына өзі де араласатынын мәлім етті.

Жалпы ұсыныстарды қолдаймыз. Осы аптада өңірлерге барып, халықтың барлық санатымен егжей-тегжейлі талқылау керек. Мен де Астанада және өңірлерге барып талқылаулар өткіземін. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша Салық кодексі мен ілеспе заңдардың жобаларына түзетулерді 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізу керек. Әрі қарай Мәжілісте талқылауды жалғастырамыз, - деді Олжас Бектенов.

Фото: Үкімет  

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты