4 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі

Malim Админ

  • 04.02.2025

«Қазгидромет» РМК-сы 11 облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады.


Синоптиктердің болжамынша, 4 ақпанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында 25 градус аяз болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақытта тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында желдің күші 15-20 м/с.

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын соғаы. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

4 ақпанда түнде және танертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Мұғалжар ауданында желдің екпіні 15-18 м/с-ке жетеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

4 ақпанда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Фото: Ernur.kz  

 

Байланысты жаналықтар

Наурыз айының соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

30.03.2025

Ауа райына байланысты 15 облыста ескерту жасалды

20.03.2025

Жолға шыққанда абай болыңыз! Синоптиктер ескертеді

09.03.2025

"Казгидромет": Астанада ауа ластанады

03.03.2025

6 облыстағы маңызды жолдар ауарайына байланысты жабылды

23.02.2025

Бұрқасын, жел: бүгінге арналған ауарайы болжамы

19.02.2025
MalimBlocks
Наурыз айының соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы мүмкін

Ауа райына байланысты 15 облыста ескерту жасалды

Жолға шыққанда абай болыңыз! Синоптиктер ескертеді

"Казгидромет": Астанада ауа ластанады

6 облыстағы маңызды жолдар ауарайына байланысты жабылды

Бұрқасын, жел: бүгінге арналған ауарайы болжамы