Наурыз айының соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы мүмкін

Malim Админ

  • 30.03.2025

«Қазгидромет» РМК наурыз айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, жақын күндері кең антициклон елдің солтүстік, шығыс, орталық аймақтарына әсерін сақтайды, мұнда күн ашық болады деп күтіліп отыр.

Елдің батысында, оңтүстігінде фронтальды бөлімдер ауа-райының тұрақсыздығын тудырады, жаңбыр жауады, оңтүстіктің таулы аймақтарында, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, сондай-ақ тұман, желдің күшеюі күтіледі. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы мүмкін, - делінген синоптиктер болжамында.

Температуралық фон:

Елдің батысында түнде 3 аяздан - 5-тен 5-15-ке дейін, күндіз 10-18-ден 12-25-ке дейін көтеріледі.

Солтүстік-батыста ауа температурасының түнде 5 аяздан – 5-тен 1-8-ге дейін, күндіз 10-16-дан 10-20-ға дейін көтерілуі.

Солтүстікте түнде 6 аяз-3 жылу, күндіз 7-15 жылу.

Елдің орталығында түнде температураның шамалы көтерілуі 1-9 аяздан 5 аязға дейін-2 жылу, күндіз 4-12-ден 7-15-ке дейін.

Шығыста түнде 2-15 аяз, күндіз 5-15-тен 10-18-ге дейін жылу көтеріледі.

Оңтүстікте түнде 0-5 жылу, күндіз 12-18-ден 17-22-ге дейін жылу көтеріледі.

Оңтүстік-шығыста түнде 10 аяз-3 жылу, күндіз 7-15-тен 12-22-ге дейін жылу көтеріледі.  

Фото: pixabay


 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

Аптап ыстық: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

15.05.2025

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

13.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

11.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

Аптап ыстық: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады