457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

4000 метр биіктіктегі оқиға: құтқарушылар шетелдік туристі аман алып түсті

Іле Алатауының Молодежный асуында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Malim.kz.

45 жастағы Бельгия азаматы тауға көтерілу кезінде аяғын сындырып, қозғала алмай қалған.

Оқиға туралы оның жұбайы 112 нөміріне хабарлап, көмек сұраған. Шақыру бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары «Тұйық-Су» және «Мұзтау» бақылау-құтқару пункттерінен шыққан.

Құтқарушылар зардап шеккен адамға үш сағат ішінде жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейін туристі тау соқпағымен төмен түсіру басталды. Бұл процесс шамамен бес сағатқа созылды.

Нәтижесінде ер адам Медеу бөгетіне жеткізіліп, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылды. Одан әрі ол Алматыдағы ауруханаға жеткізілді.

Фото: ТЖМ