6 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен аптап күтіледі

6 шілде, жексенбі күні еліміздің басым аумағында күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің болжауынша, республика аумағына циклон және оған ілескен атмосфералық фронттар әсер етеді. Соның салдарынан көптеген өңірде найзағайлы жаңбыр жауып, солтүстік пен шығыста жауын күшті болады. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Тек еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сондай-ақ жел күшейіп, солтүстік пен шығыста дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.
Ал Алматы облысында күн +35° дейін ысиды.
Фото: freepik.com


Ең көп оқылған
