Абайда қанша мал болған?

Арман Қайыпхан

  • 19.05.2025

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының иелігіндегі мал саны туралы тарихи деректерді жариялады, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Абай Құнанбайұлын ең алдымен кемеңгер ақын, ойшыл және ағартушы ретінде танимыз. Алайда ол сонымен қатар дәулетті адам, ірі шаруашылық иесі және өз заманының беделді қоғам қайраткері болған.

«Абайдың арғы аталары, соның ішінде әкесі Құнанбай Өскенбайұлы да би, болыс болған, ел ішінде абыройлы, сыйлы адамдар қатарында еді. Осындай ортада өскен Абай жас кезінен-ақ ел ісіне араласып, басқарушылық қабілетін ерте танытқан. 1915 жылы жарық көрген тарихи деректерге сәйкес, Абайдың шаруашылығында 593 жылқы (оның ішінде 108 құлын мен 167 тай-құнан), 51 сиыр, 51 түйе және 1417 қой болған. Бұл жай ғана сандар емес – сол кездегі қазақ қоғамында әлеуметтік-экономикалық мәртебені білдіретін көрсеткіш», – дейді Абай облысының мәдениет басқармасы.

1878 жылы Абай Семей облыстық статистикалық комитетінің толық мүшесі болып қабылданған. Ол өңірдің әлеуметтік-экономикалық, этнографиялық және мәдени жағдайын зерттеуге белсенді қатысқан.

Комитеттің мүшесі болу – тек құрмет емес, белгілі бір білім деңгейі мен азаматтық белсенділікті талап еткен. Абай Құнанбаев бұл міндетті абыроймен атқарып, өңір дамуына елеулі үлес қосқан.

Абайдың шаруашылығы туралы мәліметтер – бұл жай ғана статистика емес. Бұл деректер – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының құрылымы мен Абай тұлғасын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін тарихи айғақтар.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Елімізде дарынды балаларға арналған алғашқы ABAI ULTTYG MEKTEBI келер жылы ашылады

16.01.2025

Елімізде 231 мемлекеттік архив жұмыс істеп тұр

22.12.2024

Ақмолада биылдыққа мың жарым бас малды пойыз қағып кеткен

16.11.2024

Татарстанда Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды

24.10.2024

БҚО-да бруцеллез жұқтырған 5 мыңнан астам мал басының көзі жойылған

13.10.2024

Тоқаев Ашхабадта Абайға арналған ескерткіш ашты

10.10.2024
MalimBlocks
Елімізде дарынды балаларға арналған алғашқы ABAI ULTTYG MEKTEBI келер жылы ашылады

Жаңа мектеп Абайдың «бес асыл іс» идеясына негізделеді

Елімізде 231 мемлекеттік архив жұмыс істеп тұр

Бүгін – Архившілер күні!

Ақмолада биылдыққа мың жарым бас малды пойыз қағып кеткен

Оның 500-ге жуығы жылқы

Татарстанда Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды

БҚО-да бруцеллез жұқтырған 5 мыңнан астам мал басының көзі жойылған

Биыл облыста осы ауру бойынша тексеру жүріп жатыр

Тоқаев Ашхабадта Абайға арналған ескерткіш ашты