457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Абай даңғылы абаттандырылады: Ұлы ақынның мерейтойына арналған сенбілік өтпек

2025 жылы ұлы қазақ ақыны, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Осы атаулы датаға орай Алматы қаласында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кең көлемді экологиялық акция ұйымдастырылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматының бес ауданын — Алмалы, Бостандық, Әуезов, Медеу және Наурызбай аудандарын қиып өтетін, ұзындығы 15 шақырымды құрайтын Абай даңғылы бойында абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

26 шілде күні сағат 9.00-де Абай алаңында ауқымды сенбілік пен танымал тұлғалардың қатысуымен шағын концерт өтеді.

Абай даңғылы бойындағы сенбілікке ПИК (пәтер иелері кооперативі), МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі), ҚС (қарапайым серіктестік), сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарының өкілдері мен белсенді қала тұрғындары жұмылдырылады. Іргелес аумақтарды кешенді тазалау жоспарланған.

Аталмыш экоакция — қаламызға деген сүйіспеншілігіміздің, ішкі мәдениетіміздің және ұлы ойшылға деген құрметіміздің айқын көрінісі болмақ. Абай Құнанбайұлы өзінің өлеңдері арқылы адамның табиғатпен тығыз байланысын жеткізген. Оның шығармашылығында табиғат ерекше орын алады және ол табиғатқа деген ілтипатты көзқарасын айқын көрсете білген.

Фото: Алматы әкімдігі