Алаш қозғалысына қатысты архив материалдары жарияланды — Қарин

Арман Қайыпхан

  • 14.12.2024

Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының көптен күткен жинағы жарық көрді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. 

Бұл — «Алашорда ісі. 1920-1940 жылдар. Құжаттар мен материалдар» деп аталатын 12 томдық архив құжаттары. Жаңа басылым — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы барысында жиналған бірегей архив құжаттарынан тұратын жинақ. Бұл жинақты дайындауға 30-дан астам тарихшы, архивші және археограф атсалысты. Олардың қатарында ҚР Президенті архивінің, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қызметкерлері бар. Жобаның ғылым жетекшісі — ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев, — деп жазды Мемлекеттік кеңесші. 

Ерлан Қариннің айтуынша, басылымға партиялық-мемлекеттік құрылымдарда және арнаулы мемлекеттік архивтерде арнайы сақталған 3 мыңнан астам материал енген.

Оның ішінде Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов және басқа да қайраткерлер өмірінің бұрын беймәлім тұстарынан сыр шертетін құжаттар бар. 2 мың данамен жарық көрген жинақ еліміздің оқу орындары мен ғылыми мекемелеріне таратылады. Осылайша, Қазақстан тарихын одан әрі зерделеу және елдің тарихи жадын сақтап, нығайту тұрғысынан өте маңызды және аса құнды бірегей материалдар алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді. Жалпы, 2020-2023 жылдары жұмыс істеген Мемлекеттік комиссияның қызметіне 425 ғалым, оның ішінде аймақтардан келген 260 зерттеуші жұмылдырылды. Үш жылдың ішінде 60 мемлекеттік және ведомстволық архивтен 700 мыңға жуық іс жиналды, 2.6 миллионға жуық материал мен құжаттың құпиялығы алынып тасталды, саяси-қуғын сүргіннің құрбаны болған 311 мыңнан астам адам ақталды, — деп хабарлады Ерлан Қарин.

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025

Өзбек тарихшысы Қазақ мемлекеті болмаған деп мәлімдеді

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.

Өзбек тарихшысы Қазақ мемлекеті болмаған деп мәлімдеді

Ол қазақтың өз қалалары да болмаған деген пікір айтты