Әлемдегі ең кәрі адам көз жұмды

Сұлу Бөлек

  • 01.05.2025

Бразилиялық монахиня Ина Канабарро Лукас 116 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды malim.kz bbc-ға сілтеме жасап. 

Осылайша, әлемдегі ең қарт адам атағы енді Англияның Суррей графтығынан шыққан Этель Кейтеремге өтті.

Порту-Алегри қаласындағы діни қауымдастық Ина Лукас өмірден өткенін растады. Ол 1908 жылы дүниеге келген. 2024 жылғы қаңтарда жапониялық Томико Итоока көз жұмғаннан кейін Ина ресми түрде әлемнің ең қарт тұрғыны деп танылған еді.

LongeviQuest мәліметінше, Ина өзінің 110 жасқа толған туған күнінде Рим Папасы Францисктен батасын алған. Қызығы, құжаттарында оның туған күні 8 маусым деп көрсетілсе де, өзі 27 мамырда туғанын айтқан. Ол Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатында дүниеге келген және аты аңызға айналған генерал Давид Канабарроның шөбересі болған.

Ина жастайынан әлсіз болып, өміріне қауіп төнген кездер де болған. Кейін интернатта білім алып, 1928 жылы Уругвай астанасы Монтевидеоға көшіп, сонда монахиня атанған. 1930 жылы Бразилияға оралып, Рио-де-Жанейро қаласында португал тілі мен математика пәндерінен сабақ берген.

2021 жылы, 112 жасында, ол алғаш рет коронавирусқа қарсы вакцина алды. 2022 жылы COVID-19 жұқтырғанымен, бір айдан кейін аурудан айығып шықты. Осылайша, Ина әлемдегі ең қарт ковидтен жазылған адамдардың бірі атанды.

Қазір әлемдегі ең егде жастағы адам – 115 жастағы Этель Кейтерем.

Фото: LongeviQuest/Reuters

Байланысты жаналықтар

Үндістан суасты миналарын сынақтан өткізіп жатыр

06.05.2025

Үндістан мен Пәкістан арасында соғыс басталуы мүмкін

29.04.2025

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

24.04.2025

Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

11.04.2025

82 миллиардер тұрады: әлемдегі ең бай қалалар рейтингі шықты

11.04.2025

Зеленскийдің орнын кім басуы мүмкін? Саясаттанушылар басты бәсекелестерді атады

05.04.2025
MalimBlocks
Үндістан суасты миналарын сынақтан өткізіп жатыр

Үндістан мен Пәкістан арасында соғыс басталуы мүмкін

Пәкістан кез келген әскери әрекетке 100% дайын екенін мәлімдеді

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

Министрдің айтуынша, ол – жас опера әншісі Айгерім Алтынбек

Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

82 миллиардер тұрады: әлемдегі ең бай қалалар рейтингі шықты

Henley & Partners компаниясы әлемдегі ең бай қалалардың рейтингін жариялады

Зеленскийдің орнын кім басуы мүмкін? Саясаттанушылар басты бәсекелестерді атады

Парламенттік сайлау шілдеде, президенттік сайлау тамызда өтуге тиіс