Алматыда әйел арықтаймын деп ажал құшты

Көз жұмған әйел ұзақ жылдық еңбек өтілі бар мұғалім болып шықты

Арман Қайыпхан

  • 10.07.2024

Әлеуметтік желіде артық салмақтан арылмақ болған әйел ажал құшты. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жазды, – деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, марқұмның артында екі баласы қалған.

"Арықтаймын деп ажал құшты. Алматылық 47 жастағы әйел іштегі майды алдырамын деп арты қайғылы жайтқа ұшырады. Отадан кейін көзін ашып, туыстарына селфи фото жіберген әйелдің жағдайы кешке күрт нашарлайды. Ақыры жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Артында 2 баласы, жары қалды", - деді журналист.

Көз жұмған әйел ұзақ жылдық еңбек өтілі бар мұғалім болып шықты.

"25 жыл мектепте жұмыс істеген марқұм "Ұлағатты ұстаз" деген медаль иесі. Операция жайлы ұзақ зерттеп, таңдаған клиникамен 1,6 айдан бері үздіксіз кеңес жүргізіп отырған. Отаға барлық анализдері лайық болған. Пластикалық хирургтер липоксациядан соң денсаулықтың асқынуы мүмкін екенін ескертпедік деп мойындап отыр. Сонда қалай?" - деді Гүлмира Әбіқай.

Бұған қатысты Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі  Massaget.kz тілшісіне түсінік берді.

«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы іс қозғады. Адам өлімінің себеп-салдарын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Содан кейін процессуалдық шешім қабылданады", - деді Салтанат Әзірбек. 

Фото: instagram.com/ gulmir_ktk

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.