Алматыда емхананың екі қызметкері сотталды

Тұлғалардың карточкалық шоттарына еңбекақы мен үстемеақыны есептегені анықталды

Malim Админ

  • 05.08.2024

Алматыда сот сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемденгені немесе ысырап еткені үшін екі бухгалтерді кінәлі деп таныды.

«Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет ұрлауға бағытталған қылмыстық ниет бір топ адамды сот алдына алып келді», - деп хабарлады Алматы сотында.

Медеу ауданының №2 аудандық сотында №30 қалалық емхананың бас есепшісі мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында бас бухгалтерлер мен бухгалтерлер 2019 жылдың маусымынан 2023 жылдың қарашасына дейін емханада нақты жұмыс істемеген тұлғалардың карточкалық шоттарына еңбекақы мен үстемеақыны есептегені анықталды.

Осындай әрекеттердің салдарынан мемлекетке 340 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Сотта сотталушылар өз кінәларын толық мойындады.

Прокурор айыпталушыларды тиісінше 8 және 7 жарым жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот әйелдердің бұрын сотты болмағанын және жасаған әрекетіне өкінетінін ескерді. Бас есепшіге 7 жарым жыл, ал оның әріптесіне 7 жыл мерзім берілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Ашық дереккөзден  

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты