Алматыда күзетшіні айуандықпен өлтірді деген экс-депутаттың ұлының ісі сотқа жетті

Әзірге сот отырысының уақыты белгіленбеген

Сабина Асқарқызы

  • 05.01.2025

Алматыдағы «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінде  күзетшіні аяусыз ұрып-соғып, айуандықпен өлтірді деген бұрынғы депутаттың ұлына қатысты қылмыстық іс Алматы сотының қарауына жіберілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5) тармағы («Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру») және 147-бабы 5-бөлігі («Адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз тарату») бойынша сотқа берілген Т.-ға қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Бірінші эпизод бойынша сотталушы 2024 жылдың наурызында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін өлтірді деп айыпталып отыр, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тергеу сотталушыға өзінің танысы А.-ның қатысуымен түсірілген порнографиялық бейнематериалдарды әлеуметтік желілер арқылы таратты деген айып тағып отыр. Әзірге сот отырысының уақыты белгіленбеген.

Айта кетейік, наурызда жол талғамайтын көлікпен бірнеше рет күзетшіні басып, артынан сабап, басына секірген күдіктінің қылмысы видеоға түсіп қалған еді. Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген, алайда есін жимай қайтыс болып кеткен.

Күдіктінің есімі – Асқар Тастандиев. Ол1994-1995 жылдары Жоғары Кеңестің депутаты болған Саламғазы Тастандиевтің ұлы. Ал қайтыс болған марқұмның есімі – Нұрбол Қайыпбаев.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.