Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті

Арман Қайыпхан

  • 25.12.2024

Алматыда «Мәслихаттарға 30 жыл: Алматы мәслихатының қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, Сенат пен Алматы мәслихатының депутаттары, мәслихаттың экс-хатшылары, қоғам және саяси қайраткерлер қатысты.

Қала басшысы өткен үш онжылдықта мәслихаттардың рөлі айтарлықтай артқанын атап өтті. 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен ең маңызды саяси реформалардың бірі жүргізілді. Республикалық референдум қорытындысы бойынша Конституцияға түзетулер қабылданды, онда биліктің барлық тармақтарының, оның ішінде жергілікті өкілетті органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар белгіленді.

2023 жылы Алматы мәслихатына сайлау алғаш рет жаңа ережелер бойынша өтті. Депутаттық корпус 67% - ға жаңарды және аралас қағидат бойынша 50% - партиялық тізімдер бойынша, 50% - өзін-өзі ұсынушылар бойынша құрылды.

«2022 жылдан бастап біз Алматының барлық саладағы жүйелі дамуын анықтайтын 20-дан астам стратегиялық құжаттарды қабылдадық. Бұл қала аумағын абаттандыру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидалары, «Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандарты» бағдарламасы, 2030 жылға дейінгі тұрғын үйді қайта жаңарту бағдарламасы, құрылыс салу қағидалары, Қалақұрылысы регламенті және басқа да құжаттар. Бұл маңызды бастамалар-тұрақты комиссияларда және мәслихаттың депутаттық фракцияларымен бірлескен белсенді жұмыстың нәтижесі», - деді Ерболат Досаев.

Қала әкімі алдағы жылдары Алматыны жайлы қалалық ортаға, әлемнің түкпір-түкпірінен инвестициялар мен таланттар кеңінен тартылатын әрі дамудың жоғары деңгейі бар ең заманауи мегаполистердің біріне айналдыру және терең трансформациялау бойынша маңызды міндеттер тұрғанын айтты.

Сөзінің соңында Алматы әкімі депутаттарды құттықтап, оларға алғыс хаттарды тапсырды.

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты