457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада діни-экстремистік ұйымның 12 мүшесі сотталды

27 мамырда діни-экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастырды және оған қатысты деген айыппен 12 Қазақстан азаматына қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеу барысында сотталғандардың Қазақстан аумағында экстремистік және террористік идеологияны таратқаны, діни алауыздықты қоздырғаны және жаңа жақтастарды тартумен айналысқаны анықталған.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен олар 9 жылдан 18 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сотталушылардың көпшілігі бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда, полиция қызметкерін өлтіру, қарақшылық, тонау, адам ұрлау және есірткі құралдарын өткізу фактілері бар.

Фото: freepik.com