Астанада LRT-ның алғашқы рельсі төселе бастады

Арман Қайыпхан

  • 05.12.2024

Астанада атышулы LRT-ның №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде рельс жолының алғашқы 500 метрін төсеу аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Компанияның мәліметінше, бұл сынақ кезеңі қысқы ауа райының жеңіл рельсті жолдың (LRT) жоғарғы құрылымының жай-күйіне әсерін зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Рельс жолы арматуралық жақтау, шпалдар, рельстер және бекіткіштерден тұрады. Эстакаданың жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды және оның бүкіл ұзындығына қос жол салынады. Бұл пойыздардың жүруін, оларға қызмет көрсетудің және жөндеу жұмыстарын орындаудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді», - делінген CTS хабарламасында.

Жолды төсеу заманауи технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады: 

  Стандартты жол ені – 1 435 мм, халықаралық стандарттармен үйлесімділікті қамтамасыз етеді. 

  Рельстерді жіксіз төсеу пойыз дөңгелектерінің дыбысы мен дірілді азайтады. 

  Алдын ала кернелген шпалдар жарылып кетуден қорғалған, аязға және қардың еруіне төзімді. 

Келер жылдың жылы кезеңінің басталуымен эстакаданың барлық ұзындығына рельстерді төсеу басталады. Қыс мезгілінде қажетті материалдар дайындалады. 

Эстакаданың рельс жолдарын төсеуді аяқтау 2025 жылға жоспарланып отыр.

Фото: CTS

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025

Өзбек тарихшысы Қазақ мемлекеті болмаған деп мәлімдеді

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.

Өзбек тарихшысы Қазақ мемлекеті болмаған деп мәлімдеді

Ол қазақтың өз қалалары да болмаған деген пікір айтты