Астанада LRT тіректерін орнату жұмыстары аяқталды

Арман Қайыпхан

  • 20.09.2024

Астанада LRT тіректерін орнату жұмыстары 100% аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

CTS компаниясының мәліметінше жеңіл рельсті көліктің (LRT) 22 шақырымдық эстакадалық жолында барлығы 799 тірек орнатылды. 2,5 мың жұмысшы жұмылдырылды.

"Оларды құю үшін 53,7 мың текше метр бетон және 42 мың тонна арматура жұмсалды. Тіректің төменгі бөлігінің ені – 2-2,4 метр, жоғарғы бөлігі – 6,8 метр, биіктігі – эстакада жолының өтетін жеріне байланысты 5-тен 18 метрге дейін, бір тіректің орташа салмағы – 200 тонна", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстандық стандарт бойынша В45 класындағы, М600 маркалы бетон қолданылып жатыр. В45 класындағы бетон гидроэлектростанцияларды, бекініс құрылыстарын, бункерлерді, метрополитен, ауыр металлургия кәсіпорындарын, химиялық, ғарыштық, қорғаныс зауыттарын, атом энергетикасы объектілерін салуда қолданылады.

Фото: Радмир Фахрутдинов / Liter.kz

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты