457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанадағы әскери парадты қайдан көруге болады?

Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 


Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысады. Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтетін әскери парадқа 4 000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады.

Фото:  Қорғаныс министрлігі