Астанадағы әскери шеру: 7 мамырда қай көшелер жабылады

Жаяу жүргіншілерге де шектеулер енгізілуі мүмкін

Сабина Асқарқызы

  • 06.05.2025

Астанада 7 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеру өтеді. Осыған байланысты, 7 мамырда бірқатар көшеге уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

7 мамыр, таңғы сағат 6:30-дан 8:00-ге дейін А-334 – Ақжол даңғылы – Р.Қошқарбаев даңғылы – Аманжолов көшесімен Р.Қошқарбаев даңғылының Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін Аманжолов көшесі арқылы жеке құрам тасымалданады.

Сағат 5:00-ден 14:00-ге дейін – Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының алдындағы, Қ.Қуанышбаев көшесінің А.Байтұрсынұлы көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі тұрақ, Нұрмағанбетов көшесінің оң жағы, автобус тұрақтары жеке құрамды тасымалдау үшін

Сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін – Панфилов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан Нұрмағанбетов көшесіне дейін) және Нұрмағанбетов көшесі (Панфилов көшесінен Райымбек батыр көшесіне дейін) салтанатты шеруден кейін тиеуге арналған ауыр жүк тралдарына арналған тұрақ.

Қосымша, сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы (Момышұлынан Панфиловқа дейін) жабылады, сондай-ақ Ақыртас, Қалдаяқов көшелерінде және Қошқарбаев даңғылында көлік қозғалысы шектеледі – техника уақытша орналастырылады.

Сонымен қатар, сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін «Astana Music Hall» автотұрағының (Құмыра) аумағында Б.Момышұлы даңғылы, 1 бойынша уақытша шектеулер енгізіледі.

Күн әскерилердің оралуымен аяқталады:сағат 12: 30 – дан 14: 00 — ге дейін, техника мен автобустар Панфилов көшесі — Нұрмағанбетов көшесі — Қошқарбаев даңғылы – Ақжол даңғылы – А-334 көшесі арқылы орналасу пунктіне қайтады.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге де шектеулер енгізілуі мүмкін: кейбір жаяу жүргіншілер өткелдері жабылады немесе басқа тұсқа бағытталуы мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтарына белгілер бойынша жүру немесе уақытша белгілерді ұстану жөнінде кеңес беріледі.

Әскери техниканың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында шеру өтетін орындардағы кейбір учаскелерде бағдаршам нысандары консольдерінің жоғарғы бөлігі бұрылатын болады.

Аталған учаскелер арқылы қатынау және жол жүру іс-шаралар аяқталғаннан кейін қайта жанданады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтауды сұраймыз.

Бұл күні (7 мамыр) келесі автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы өзгереді: №№ 3, 4, 4А, 14, 15, 15А, 19, 21, 29, 29А, 30, 32, 40, 43, 47, 50, 51, 55А, 55Б, 56, 57, 58, 61, 62, 66, 84, 121, 502, 504.

Жолаушылардан жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және Instagram-дағы «City Transportation Systems» ресми парақшасы – @cts_kz арқылы өзекті ақпаратты қадағалауды сұраймыз.

Байланысты жаналықтар

Астанада әскери шеруді терезеден көргісі келген тұрғынға ескерту жасалды

07.05.2025

Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

07.05.2025

Астанадағы әскери парадты қайдан көруге болады?

07.05.2025

Найзағай, жаңбыр: 7 мамырға арналған ауа райы болжамы

06.05.2025

Астанадағы парадқа кімдер шақырылды

05.05.2025

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

05.05.2025
MalimBlocks
Астанада әскери шеруді терезеден көргісі келген тұрғынға ескерту жасалды

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды

Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Астанадағы әскери парадты қайдан көруге болады?

Найзағай, жаңбыр: 7 мамырға арналған ауа райы болжамы

Астанадағы парадқа кімдер шақырылды

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды