Балаларды интернеттегі заңсыз контенттен қалай қорғау керек?

Арман Қайыпхан

  • 08.11.2024

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар, ұялы байланыс, теледидар маңызы арта түсуде, деп хабарлайды Malim.kz.

Интернет тек ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас, ойын-сауық және білім берудің әмбебап ортасына айналды.

Интернет қолданушыларының саны да күн сайын артып келеді. Интернеттің үздіксіз өсуіне және ауқымының кеңеюіне байланысты ондағы заңсыз материалдардың да саны көбеюде.

Қазіргідей цифрлық әлемде балаларды желідегі қауіптерден қорғау маңызды мәселеге айналды.

Мемлекеттік органдар осындай қауіптерге қарсы тұру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Дегенмен, интернеттегі заңсыз әрекеттер мәселесін тек мемлекеттік құрылымдардың күшімен шешу мүмкін емес.

Сондықтан, БАҚ саласындағы заңнамалық талаптардың орындалуын қадағалайтын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ата-аналар үшін қолжетімді шешімдер шолуын ұсынады.

Ата-ана бақылауы сервистері заңсыз контентке қол жеткізуді шектеуге, онлайн-әрекеттерді қадағалауға және құрылғыларды пайдалану уақытын бақылауға көмектеседі.

Ата-ана бақылауына арналған танымал қосымшалар:

- Kaspersky Safe Kids: сайттарды бұғаттау, геолокация, белсенділік туралы есептер.

- Dr.Web Security Space: антивирус және ата-ана бақылауы, контентті сүзу.

- Qustodio (Испания): контентті сүзу, экран уақытын шектеу, әлеуметтік желілерді бақылау.

- Net Nanny (АҚШ): контентті бұғаттау, экран уақытын шектеу және орналасқан жерді қадағалау.

- Norton Family: сайттарды сүзу, пайдалану уақытын шектеу және іздеу сұрауларын қадағалау.

- Kidslox: экран уақытын шектеу, қосымшаларды бұғаттау және орналасқан жерді қадағалау.

- Parental Control Kroha (Украина): қосымшаларды бұғаттау, веб-бақылау, белсенділікке мониторинг жасау.

- Google Family Link: Android жүйесінде белсенділікті бақылауға арналған тегін қосымша. Ата-ана мен баланың құрылғыларына орнату қажет.

- Kidlogger: белсенділікті қадағалауға мүмкіндік беретін пассивті бақылау.

- Кірістірілген мүмкіндіктер: Android үшін Google Play арқылы, iOS үшін — геопозицияны қадағалау үшін «Экран уақыты» және «Орналасқан жерді анықтау».

- TikTok Family Pairing: жасөспірімдердің TikTok қолдануын бақылау, экран уақытын шектеу және контентті сүзу мүмкіндігімен.

Фото: facebook.com

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.