Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Арман Қайыпхан

  • 16.04.2025

Шығыс Қазақстан облысында жеті баласына алимент төлеуден жалтарған әйел адам сотталып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 10 сәуірде заңды күшіне енген Шығыс Қазақстан облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне сәйкес, әйел адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы – «Балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оған 1 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Жиналған берешек сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады.

Бұл қаражат кәмелетке толмаған жеті баласын асырауға арналған болатын. Ұзақ уақыт бойы олардың құқықтары мен мүдделері бұзылып келген.

«Осы жылдың басынан бері ШҚО Полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері алимент төлеуден қасақана жалтару фактілері бойынша сотқа тоғыз қылмыстық іс жолдады. Оның сегізі бойынша айыптау үкімдері шығарылды», – деді ШҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы Арман Үмітов.

Фото: istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

18.04.2025

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

18.04.2025

Үш көлікпен келген адамның немеремді теппегені жоқ – Шерзат Болаттың әжесі

18.04.2025

Катонқарағайда қалың қар жауды

18.04.2025

Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды

17.04.2025

Енді зейнетақы жинағын бала еміне жұмсауға болады

17.04.2025
MalimBlocks
Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

Алаяқтық бойынша айыпталған судьяның Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

Ол көпшілікті жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.