Береке бастауы-бейбітшілік

Дана халқымыз «бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады», — деп бекер айтпағанын байқаймыз. Оған себеп Қазақстан әртүрлі ұлттың бейбітшілікте өмір сүретін ел болып әлемге танылуы. 130 астам ұлттар бейбіт өмір сүруде. Олар бір атаның баласындай бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату тәтті күн кешуде.

Malim Админ

  • 10.04.2024

Қаншама жылдан бері ынтымақта, бірлікте өмір сүріп келуі қазақ халқының  қонақжай екендігін көрсетеді. Бейбітшілік – адамның ең ұлы, ең асыл құндылығы екені сөзсіз. Күллі әлемдегі тыныштықтың, бейбітшіліктің ең басты кілті –  саяси дипломатия, адами қарым-қатынас, мемлекетаралық сыйластық. Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің территориялық тұтастығын, ішкі саясатын құрметтеуі. . Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, Қазақстан дамуының негізгі міндеттеріне Тұрақты даму мақсаттары аясында жүргізілетін жұмыстар бірінші кезекте атқарылуы тиіс. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» — бұл Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 2030 жылдың соңына дейін қол жеткізуге бағытталған мақсаттарды қамтитын әмбебап әрекетке шақыру.Тұрақты даму мақсаттарына жету үшін ең бастысы ел ішіндегі татулық маңызды.

Кез-келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз. Елінің экономикасын дамытып, халқының қауіпсіздігін нығайту арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өйткені, бейбіт өмір бақыт, береке, бірлік әкелумен бірге, өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» деп бекер айтпаса керек. Бұқара халық әрдайым ты­ныш­тықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Бейбітшілік деген – адамзаттың өз елінде еркін өмір сүріп, шуы жоқ ортада өз болашағын құруы. Бейбіт заман барлық елдің басына қонатын бақ құсы емес. Әлемде таңының тыныш атып, күнінің тыныш батқанын армандайтын талай адамзат өмір сүріп жатыр. Ұрпағы­ның амандығы келешегінің кемел­дігін білдіреді. Бүгінгі еліміздің бейбітшілігі – біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі ғана емес, келер ұрпаққа өнеге ­болып қаларына сенемін.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы өз тарапымыздан жоғарыда аталған мақсаттарға жету жолында үлесімізді қосудамыз. Оқытушылар құрамы студенттермен дөңгелек үстел, акциялар, пікірсайыс т.б өткізуде. Болашақ заң саласының мамандарына қара қақ жарған әділетті болуға шақырамыз. Бүгінде ұлтымыздың басты мақтанышы — өткеннен қалған өнегені үлгі тұтатын, жүрегі ұлтына деген махаббатқа толы жастар десек қателеспейтін болармыз. Елім деп еміреніп, жұртым деп жүрегі соққан зиялы жастар арамызда аз емес. Ендеше, еңсесі биік осы жас буынның басты міндеті — бейбіт те шуақты күндерді бағалай біліп, жаңа асуларға ұмтылу, елімізді жаңа белестерге жетелеу.

Усеинова К.Р

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты

Базартаева Е.Б

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

заң факультетінің магистранты

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.